Асқазанның жоғары қышқылдығының симптомдары және емі

Асқазанның жоғары қышқылдығының симптомдары және емі

 

Асқазандағы қышқылдылықтың жоғарылауы (гиперацидті синдром) – асқазан сөлінің өндірісі артып, тұз қышқылының концентрациясы жоғарылайтын құбылыс. Гиперсекреция кейбір аурулардың және ағзаның патологиялық жағдайларының симптомы болып табылады. Ол көбінесе адамның өмір сапасына әсер ететін қыжылды және басқа жағымсыз белгілерді тудырады.

Неліктен асқазанда жоғары қышқылдық пайда болады?

 

Асқазан сөлі қышқылдығының жоғарылауы ас қорыту жүйесінің 
келесі ауруларында байқалады: 

  • он екі елі ішектің және асқазанның ойық жарасы;
  • гастроэзофагорелюксті ауруы;
  • асқазанның қабынуы (гастрит);
  • он екі елі ішектің қабынуы (дуоденит)1,2

Асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары бар емделушілерде әдетте диета бұзылған кезде қышқылдық артады. Асқазанның Helicobacter pylori-мен тұқымдану дәрежесі де үлкен маңызға ие. Бұл микроағза мүшенің қабырғасында патологиялық үдерістердің, соның ішінде қатерлі ісіктердің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Гиперацидті синдром қалай байқалады?

Асқазандағы жоғары қышқылдықтың симптомдары мыналарды қамтиды:

  • тамақ ішкеннен кейін, аш қарынға, түнде болатын қыжыл;
  • тамақтанғаннан кейін (әдетте тамақтанғаннан кейін 15-20 минуттан соң пайда болады) және аш қарынға пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауырсыну; 
  • қышқыл кекірік;
  • жүрек айну және қышқыл заттарды құсу;
  • іш қату;
  • тәбеттің артуы.

Қыжыл тәулігіне бірнеше рет, ешқандай байқалатын себепсіз немесе қоздырғыш факторлардың (физикалық жүктеме, алкоголь қабылдау және т.б.) әсерінен пайда болады. Ол адамға қатты жайсыздық тудырады, кейде ауырсыну сезімімен және төс сүйегінің артындағы күю сезімімен мазалайды. Емделмесе, ауру асқынған сайын қыжыл ұстамалары жиі пайда болып, емделуші үшін азапты болуы мүмкін.

Көбінесе жоғары қышқылдық фонында асқазанның шырышында эрозиялар мен ойық жара ақаулары қалыптастады. Соңғылары қабынуы және қанталауы мүмкін. Асқазанның өзгерген ішкі қабатында қатерлі ісіктердің пайда болу жағдайлары аз емес. 1.2 Жоғары қышқылдықты қалай төмендетуге болады?

Асқазандағы қышқылдықтың жоғарылауын емдеу жолы кешенді диагностикадан кейін (асқазан сөлінің рН деңгейін өлшеу, ФГДС және т.б.) негізгі ауруды ескере отырып таңдалады. Әрбір емделушіге жасына, ағзасының жалпы жағдайына және ілеспе патологиясына байланысты терапевтік шаралар кешені тағайындалады. Егер адамды қыжыл мазалайтын болса, оны жою үшін антацидтер қолданылады.

Соңғылары тұз қышқылын бейтараптандыру арқылы емделушінің хал-жайын айтарлықтай жақсартады. Антацидтер ретінде сілтілендіретін қасиеті бар заттар қолданылады. Олардың әсері өте тез болады және бірнеше сағатқа созылады. Үйде қыжылды басу үшін науқастар көбіне ас содасын (натрий бикарбонатын) пайдаланады. Бұл әдіс толығымен дұрыс деп саналмайды, өйткені сода мен тұз қышқылының реакциясы асқазан секрециясын ынталандыратын көмірқышқыл газдың бөлінуіне ықпал етеді. 4

Магнийі бар препараттар неғұрлым тиімдірек және қауіпсіз.

Аурудың симптомдары қайталанбауы және емдеу нәтиже беруі үшін емделушіге міндетті түрде диета тағайындалады. Helicobacter pylori инфекциясы болған жағдайда, бактерияға қарсы терапия жүргізіледі. Әрбір емделуші үшін дәрігер ұсыныстардың жекеленген тізімін жасайды.

1. Пономарёва И.П. / Клинические синдромы в пропедевтике внутренних болезней/учебное пособие, Белгород, 2017 год: dspace.bsu.edu.ru
2. Литвицкий П.Ф./учебник Патофизиология, 4-е издание, 2009 год/глава 24: Патология пищеварительной системы: vmede.org
3. Чагаева О.И./Синдромы поражения ЖКТ/презентация для студентов, 2016 год: https://myslide.ru/presentation/skachat-sindromy-porazheniya-zhkt 
4. Электронная библиотека по фармокологии/глава 17: Средства, влияющие на пищеварение: pharmacologylib.ru