Ерлердегі қыжыл себептері

Ерлердегі қыжыл себептері

СЕБЕПТЕРІ       ЕМІ  

 

Қыжыл – асқазан-ішек ауруларының ең көп таралған симптомы. Ол асқазандағы немесе кеуденің төменгі бөлігіндегі күю сезімі сияқты әртүрлі жағымсыз сезімдерді білдіреді. Статистика деректеріне сәйкес, бүкіл планета халқының 50%-ында қыжыл болады1. Оның пайда болуының функционалды сипаты болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда ересек ер адамдардағы жиі қыжыл аурулардан туындайды.

Ерлердегі жиі қыжыл себептері – ас қорыту мүшелерінің аурулары. Кездесуі бойынша бірінші орында ГЭРА – гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы. Мұндай ауруы бар адамдардың шамамен 85%-ында қыжыл негізгі симптом болып табылады2. Бұл жағдайда күю механизмінің туындауы асқазан ішіндегісінің өңешке патологиялық жеткізілуімен (рефлюксімен) де байланысты. Өз кезегінде, рефлюкс өңеш сфинктерінің жапқыштық функциясының бұзылу салдары болып табылады.

Өңештің шырышты қабатына түсетін қышқылдар тітіркендіргіш және зақымдаушы әсерге ие. Осының салдарынан кеудеде және асқазанда күю сезімі пайда болады. ГЭРА кезіндегі қыжыл басқа симптомдармен (лоқсу, жел кекірік, сілекейдің көп бөлінуі, қатты тағамды жұтқандағы ауырсыну) қоса болуы мүмкін. Алыс симптомдар сирек кездеседі: дауыстың қарлығуы, жөтел, мұрын бітелуі.

Көп тамақтану, «зиянды» тағамдарды тұтыну, алкоголь ішу сияқты тамақтанудағы қателіктер кезінде ГЭРА симптомдарының күшеюі байқалады. Тамақтанғаннан кейін тез ұйықтауға жату, физикалық белсенділік немесе алға қарай еңкею жағымсыз симптомдардың пайда болуына ықпал етеді.\

Қыжылды тудыруы мүмкін басқа асқазан-ішек аурулары:

  • дуоденогастральді рефлюкс – он екі елі ішектің ішіндегісінің асқазанға түсуі;
  • өт жолдарының патологиясы;
  • ұйқы безінің аурулары;
  • он екі елі ішек моторикасының бұзылуы.

Ерлердегі аурулармен байланысты емес жиі қыжыл себептері – функционалдық бұзылулар. Медицинада «функционалды қыжыл» диагнозы бар. Қандай да бір ауруы жоқ тексерілген емделушілерге қойылады, олардың негізгі шағымы өңеш проекциясындағы жайсыздық немесе күю сезімі болып табылады. Бұл диагноздың негізгі критерийі – ГЭРА-мен және өңеш сфинктер тонусының бұзылысымен ешқандай байланыстың болмауы. Функционалды қыжылдың даму механизмі әлі зерттелмеген. Негізгі себеп – өңештің сезімталдығының жоғарылауы және жүйке сигналдарын қабылдаудың нашарлауы деп болжанады. Әдетте, бұл құбылыс кездесетін емделушілерде алаңдаушылықтың жоғары деңгейі байқалады, бұл симптомдардың психосоматикалық сипатын көрсетуі мүмкін3.

Себебін қалай білуге болады?

Қыжылдың сипатын гастроэнтеролог-дәрігердің тексеруінен кейін дәл анықтауға болады. Дәрігер барлық қажетті зерттеулерді (УД-зерттеу, фиброгастродуоденоскопия, зертханалық талдаулар) тағайындайды. Қандай да бір патологиялық өзгерістер болмаған жағдайда, функционалды қыжыл туралы айтуға болады. Әйтпегенде, тиісті ем тағайындалады.

Емделу

Терапияның маңызды элементтерінің бірі – тамақтануды қалыпқа келтіру және жаман әдеттерден бас тарту. Рационнан қыжыл тудыратын тағамдарды алып тастау ұсынылады. Тамақ құнарлы және әртүрлі болуы керек, артық тамақтануға тыйым салынады. Соңғы тамақ ұйқыға дейін кем дегенде 2-3 сағат бұрын ішілуі керек. ГЭРА-мен ауыратын емделушілерге тамақтанғаннан кейін дене жаттығуларын жасауға және алға қарай еңкеюге қосымша тыйым салынады.

Дәрі-дәрмекпен емделу анықталған ауруға байланысты. Егер емделушіге ГЭРА диагнозы қойылса, таңдаулы препараттар протонды сорғы тежегіштері болып табылады. Олардың әсер ету механизмі асқазан ішіндегісінің қышқылдығының төмендеуіне байланысты. Қыжылды болдырмау үшін антацидті препараттар қолданылады. Олар диета мен тәртіптің бұзылуынан туындаған симптомдарды жоюға жарамды4. Антацидтерді дені сау емделушілер қыжыл жаман әдеттер немесе тамақтанудағы қателіктерден туындаған кезде де қолдана алады. Осы топтағы дәрілік заттардың әсер ету механизмі тұз қышқылын бейтараптандырумен байланысты.

1. СИМПТОМ ИЗЖОГИ: ПРИВЫЧНЫЙ ДИСКОМФОРТ ИЛИ СЕРЬЕЗНАЯ ПРОБЛЕМА? И. В. Маев, А. А. СамсоновН. Г. Андреев ФАРМАТЕКА № 10 — 2011 стр. 18–25
2. СИНДРОМ ИЗЖОГИ. АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ПАТОГЕНЕЗА, ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНОЙ ДИАГНОСТИКИ И ЛЕЧЕНИЯ Осадчук А.М., Давыдкин И.Л., Гриценко Т.А., Хайретдинов Р.К., Куртов И.В., Данилова О.Е., Рогозина Л.А., Косякова Ю.А., Кривова С. П. Современные проблемы науки и образования. — 2017. — № 5
3. Функциональная изжога и гиперчувствительность пищевода к рефлюксу (По материалам Римских критериев функциональных заболеваний пищевода IV пересмотра) А. А. ШептулинВ. О. Кайбышева Рос. Журн. Гастроэнтерол. Гепатол. Колопроктол. 2017;27(2)
4. Изжога при гастроэзофагеальной рефлюксной заболевания — механизм развития и подходы к терапии Трухманов А.С., Евсютина Ю. В. Регулярные выпуски «РМЖ» № 10 от 30.05.2017 стр. 707–710

РЕННИ®️ ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ ментоловый

Ментол дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ мятный

Жалбыз дәмді, қантсыз Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ