Әйелдердегі қыжыл себептері

Әйелдердегі қыжыл себептері

 

Қыжыл – төс сүйегінің артында немесе құрсақ үсті аймағында пайда болатын әртүрлі ұзақтық пен ауырлықтағы күю сезімімен немесе қызумен сипатталатын диспепсиялық симптом. Ол көптеген аурулармен және кейбір физиологиялық жағдайлармен қоса пайда болады және әртүрлі жас топтарындағы адамдарда кездеседі. Әйелдер мен ерлердегі жиі қыжыл қауіпті, өйткені ол өңештегі функционалдық және құрылымдық өзгерістерге әкеледі.

  • тамақтану мәдениетінің болмауы (жүріп бара жатып тамақтану, үлкен, нашар шайналған кесектерді жұту әдеті және т.б.);
  • цитрус жемістерін, шоколадты, дәмдеуіштерді, ащы тағамдарды және асқазанның шырышын тітіркендіретін басқа да азық-түлікті тұтыну;
  • кофе, газдалған және алкогольдік сусындарды шамадан тыс тұтыну;
  • темекі шегу;
  • артық салмақ;
  • белгілі бір дәрі-дәрмектерді (стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды және басқаларды) қабылдау;
  • ішті қысып тұратын тым тар киім кию (тар джинс, белдік, корсет және т.б.);
  • еңкею немесе физикалық жұмыстарды орындау, ауыр заттарды көтеру;
  • стресс;
  • жүктілік (симптом жүкті әйелдердің 50-80%-ында байқалады)4;
  • асқазан-ішек жолдарының әртүрлі аурулары (гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, секреция жоғарылайтын гастрит, созылмалы холецистит, өт қабына тас байлану және т.б.);
  • асқазанға жасалған оталар;
  • диафрагманың өңеш саңылауының жарығы;
  • асцит;
  • кейбір жүйелік аурулар (пернициоздық анемия, жүректің ишемиялық ауруы, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және т.б.).

Жүктілік кезінде әйелдерде жиі болатын қыжылдың себебі бірінші үш айлықтағы токсикозбен және кейінгі кезеңдерде жатырдың ұлғаюымен (және ішастар қуысындағы қысымның жоғарылауымен) байланысты. Симптом дененің көлденең орналасуы кезінде жиі пайда болады1,2,3.

ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ҚЫЖЫЛ БЕЛГІЛЕРІ

 

Қыжыл асқазанның ішіндегісі өңештің шырышына әсер еткенде пайда болатын субъективті құбылыс болып саналады. Оны басқа мүшелер мен жүйелердің (жүрек-қан тамырлары, жүйке және т.б.) ауруларының симптомдарынан ажырату керек. Егер әйелдерде қыжыл асқазан-ішек патологиясының фонында пайда болса, онымен бірге жүрек айну, құсу, метеоризм, ауырлық пен іштің ауыруы, қышқыл немесе ащы кекірік, нәжістің бұзылуы жиі мазалайды2.

Төс сүйегінің артындағы ауырсыну сезімдері бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылуы мүмкін, олардың сипаты мен қарқындылығы әртүрлі. Олар адамды ауық-ауық, жүйелі немесе үнемі мазалауы мүмкін1.

 

ҚЫЖЫЛ ҰДАЙЫ МАЗАЛАСА, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

 

Өңештің эпителийі асқазан сөлінің әсеріне бейімделмеген, сондықтан тұрақты қыжыл ақыр соңында ауыр зардаптарға (ісіктің немесе стриктураның пайда болуы нәтижесінде өңеш түтігі арнасының тарылуына) әкеледі. Сондықтан, әйелдерде қыжыл жиі болса, себебін анықтау үшін дәрігермен кеңесу керек.

Диагностикалық іздестіру кезінде дәрігер емделушімен сұхбаттасып, оны қарап, қажетті тексерістерді тағайындайды. Соңғысына зертханалық талдаулар, асқазан сөлінің қышқылдығын тексеру, ФГДС, ЭКГ, өңештің рентгенографиясы, құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ және басқа әдістер жатады1.

 

ҚЫЖЫЛДЫ ҚАЛАЙ ЕМДЕЙДІ?

 

Терапевтік шаралар осы симптомның себебіне байланысты тағайындалады. Жүкті әйелдердегі жүрек айну мен қыжыл ерекше тәсілді талап етеді, өйткені ұсынылған ем барынша тиімді және болашақ бала үшін мүлдем қауіпсіз болуы керек.

Қыжылды жою үшін өмір салтын және тамақтануды өзгерту бойынша ұсыныстар жасалады. Оларға мыналар жатады:

  • рацион үйлесімді болуы керек;
  • тамақ кішкене порциядан қабылданады;
  • 15-20 минут аралықпен тамақтанған жөн;
  • тамақтанғаннан кейін жатып тынығуға болмайды, шамамен жарты сағат жүру ұсынылады;
  • ұйықтар алдында 3-4 сағаттан кешіктірмей кешкі ас ішуге болады;
  • •    күнделікті мәзіріңізді сауатты түрде жасаңыз, одан қыжыл тудыратын азық-түлікті, сусындарды және тағамдарды (қуырылған, ащы, дәмдеуіштер қосылған, майлы тағамдар, алкоголь және т.б.) алып тастаңыз3.

Қыжыл ұстамасын болдырмау үшін антацидті заттар тағайындалуы мүмкін. Жүкті әйелдерге оларды қабылдауға рұқсат етіледі4.

Әдебиет:

1. Большая медицинская энциклопедия, под редакцией Петровского Б.В., 3-е издание, с 1974 по 1989гг, онлайн версия: https://бмэ.орг

2. Жучкова Т.В./Изжога/Справочник лекарственных средств Видаль: https://www.vidal.ru/

3. Тарасова Л.В., Трухан Д.И./Изжога — актуальные аспекты дифференциальной диагностики и лечения/журнал медицинский альманах, № 1 (25), март 2013, стр. 91-95

4. Еремина Е.Ю./Изжога беременных: информация, размышления и резюме для практического врача/журнал медицинский альманах, № 2 (11), апрель 2010 г., стр. 162-165: https://cyberleninka.ru/

РЕННИ®️ ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ ментоловый

Ментол дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ мятный

Жалбыз дәмді, қантсыз Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ