Қыжыл барлық жастағы адамдарда жиі кездеседі. Дегенмен, бұл құбылыс жеке ауру ретінде өте сирек қарастырылады. Ең алдымен, ол басқа аурулардың симптомы ретінде қарастырылады, олардың әрқайсысының өз себептері мен денсаулыққа тигізетін салдары бар. Сондықтан, қыжыл белгілері пайда болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесуіңіз керек.
- Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА). Бұл ауру қыжылдың пайда болуының ең көп таралған себептерінің бірі болып табылады. Бұл ретте, емделушілерде басқа симптомдар болмауы мүмкін. ГЭРА – созылмалы патология, оның өршу және ремиссия кезеңдері болады, сондықтан оның көріністері әрдайым байқала бермейді. Егер смедициналық көмекке жүгінбесеңіз, ауру Барреттің өңешіне айналуы мүмкін. Мұндай күй ісік алды болып табылады және асқазан-ішек жолдарының қатерлі ісіктерінің дамуына әкелуі мүмкін. Ересектер арасында ГЭРА-ның көптеп таралуын (40%-ға дейін) ескере отырып, проблеманы өте өзекті деп санауға болады және оның ауыр салдары болуы мүмкін..
- Өңештің тарылуы. Жиі қыжыл өңеш арнасының асқазанға өтетін жерінде тарылуын көрсетуі мүмкін. Бұл патология әдетте жасалған операциялардың, алған жарақаттардың, қатерлі де, қатерсіз де аурулардың нәтижесінде дамиды.
- Өңештің ойық жарасы. Бұл ауру ГЭРА-ның асқынуын білдіреді және қыжылдың тұрақты белгілерімен, жұтынудың қиындауымен және ауырсынумен бірге мазалайды. Ойық жараның қауіптілігі жедел медициналық көмекті қажет ететін қан кетудің жоғары қаупінде.
- Онкологиялық аурулар. Өңеш қылтамағы – кең таралған және өте агрессивті онкологиялық ауру. Бастапқы кезеңдерде оның айқын симптомдары сирек байқалады, бұл оның уақтылы диагностикасын қиындатады. Бұл ретте, кейбір емделушілердегі қыжыл, жүрек айну және кекіру қатерлі зақымның алғашқы белгілері болып табылады.
Бұл қыжылдың ұдайы пайда болуын түсіндіретін себептерден алыс. Бұл симптом жүкті әйелдерде де болуы мүмкін, асқазан-ішек жолдарының әртүрлі бөліктерінің қозғалғыштығы бұзылған кезде немесе белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін дамиды. Басқа себептерге дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер және ауыр физикалық жүктемелер жатады.
ЖИІ ҚЫЖЫЛДЫҢ СИМПТОМДАРЫ
Қыжылдың ең айқын көрінісі – төс сүйегінің артындағы немесе іштің жоғарғы бөлігіндегі, яғни өңештің анатомиялық орналасуының проекциясындағы және оның асқазанға өтуіне сәйкес келетін аймағындағы күю сезімі. Басқа көріністер қыжылдың дамуына әкелген себептерге байланысты болады. Сондықтан әрбір емделушінің клиникалық көрінісі келесі параметрлер бойынша әртүрлі болуы мүмкін1:
Қыжылдың пайда болуының әртүрлі уақыттары: бірден тамақтан кейін, тамақтан кейін 30-60 минуттан соң, аш қарынға және т.б.
Ауызда қышқыл немесе ащы дәмнің болуы.
Тамаққа тез тою.
Жүрек айну және құсу.
Күю сезімінің әртүрлі дәрежедегі көрінім дәрежесі және т.б.
Себепті тек қыжыл белгілеріне сүйене отырып анықтау мүмкін емес, сондықтан бұл симптом болған жағдайда, емделушіге дәрігермен кеңесіп, әрі қарай тексерістен өту ұсынылады. Осыдан кейін ғана маман қажетті емдеуді таңдай алады. Симптомның өзін жою және емделушінің жағдайын жеңілдету үшін антацидтер тобындағы препараттар қолданылады. Олардың әсер ету механизмі өңештің шырышына әсер ететін және қыжылдың дамуына әкелетін қышқыл ортаны бейтараптандыру болып табылады. Дегенмен, осы топтың препараттары бұл симптомның тікелей себебіне әсер етпеуі мүмкін.
Асқазандағы қыжыл ауыр және қауіпті аурулардың көрінісі болуы мүмкін, сондықтан ол пайда болса және дамып кетсе, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
Қолданылған әдебиет:
1. Лапина Т.Л. Изжога: распространенность, клиническое значение, ведение пациентов. Фарматека. // Ежегодный сборник избранных научно-медицинских статей. Гастроэнтерология. – 2006. – C. 96–103.
2. По результатам наблюдательного исследования (1189 пациентов) 97% оценили эффективность Ренни®️ в устранении изжоги и кислой отрыжки, симтомов ГЭРБ, как очень хорошую. Weingärtner U. Rennie-Verwender bestätigen zuverlässige Wirkung bei Sodbrennen // Pharm Ztg. 2010. Vol.155(18). Р.80–85.