Қыжылды емдеу

Қыжылды емдеу

 

Статистикаға сәйкес, Ресей халқының шамамен 18-22%-ында қыжыл болады. Қыжыл – бұл іштің жоғарғы бөлігінде (эпигастрийде) және төс сүйегінің артында күю сезімімен қоса болатын құбылыс. Бұл проблема жайсыздықты тудырады және әртүрлі бұзылыстардың салдары болып табылады, сондықтан оның себебін анықтауға және қыжылды емдеуге бағытталған шараларды қабылдау маңызды.

Өңештің эпителийінде мұндай қорғаныс жоқ, бірақ оған арнайы бөгеттің – бұлшықет сфинктерінің арқасында қышқылдың теріс әсері болмайды. Егер ол өз міндетін орындай алмаса, онда адамды үнемі қыжыл мазалауы мүмкін. Бұл симптом келесі ауруларда жиі кездеседі:

  • Грастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА)
  • Гастрит
  • Өңештің және асқазанның ойық жаралы зақымдануы
  • Өт қабына тас байлану
  • Барет өңеші
  • Өңештің немесе оның айналасындағы тіндердің қатерсіз және қатерлі ісіктері

Көбінесе қыжыл дұрыс емес өмір салтының нәтижесінде дамиды. Бұл жағдайда оның пайда болу себептері тамақтанудағы қателіктер, темекі шегу, ішімдікке салыну, ұдайы стресстер және т.б. Қыжылды жеке ауру ретінде жіктеуге болады. Бұл диагноз емделуші іштің жоғарғы бөлігіндегі және төс сүйегінің артындағы күю сезіміне шағымданса, бірақ басқа ауруларға тән белгілер байқалмаған жағдайларда қойылады.

 

ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІ

 

Қыжылды мүмкіндігінше нәтижелі емдеу керектігін түсіну үшін оның пайда болу себебін анықтау керек. Осы мақсатта емделушіге кешенді тексерістен өту тағайындалады, ол дәстүрлі түрде сауалнамадан, анамнез жинаудан және шағымдарды нақтылаудан басталады. Дәрігер үшін емделушінің тамақтану ерекшеліктерін, оның өмір сүру жағдайын анықтау, сондай-ақ қабылдап жүрген дәрі-дәрмектері мен бұрынғы аурулары туралы ақпарат алу өте маңызды. Диагностиканың келесі кезеңінде аспаптық зерттеу тағайындалады, ол келесі әдістерді қамтуы мүмкін:

  • Эзофагогастроскопия
  • Өңештің контрастты рентгені
  • Асқазан сөлінің қышқылдығын тәуліктік бақылау
  • Өңеш манометриясы
  • Зертханалық сынақтар

Кешенді тексеріс асқазан-ішек жолдарының жай-күйі туралы толық және объективті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кейін жасалған диагностиканың нәтижелері қыжылды емдеу нәтижелілігін бағалау үшін қолданылады. Қыжылмен күресу үшін осы талдамаларды өткізіп, дәрігермен келесі кездесуге жазылу маңызды.

 

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

 

Қыжылдың негізгі көрінісі – төс артындағы күю сезімі, алайда кейбір емделушілерде ол тамақтан кейін бірден пайда болады, ал басқаларында – аш қарынға немесе дене орналасуын өзгерткенде пайда болады. Осы жанама белгілерге сүйене отырып, дәрігер симптомның себебіне күдіктенуі мүмкін, бірақ ақырғы диагнозды кешенді диагностикадан кейін ғана қоюға болады.

Басқа клиникалық көріністер мыналарды қамтуы мүмкін: ауыздағы қышқыл дәм сезімі, жүрек айну, құсу, кекіру, ықылық тию, жұтынудың қиындауы, іштің ауырсынуы, жалпы дімкәстік, салмақ жоғалту, т.б. Белгілі бір емделушідегі симптомдардың нақты жиынтығы тамақ ішкеннен кейін қыжылдың дамуына әкелген себепке байланысты болады.

 

ҚЫЖЫЛМЕН ҚАЛАЙ КҮРЕСУ КЕРЕК

 

Қыжылды және онымен қоса болатын симптомдарды емдеуге арналған заттардың жеткілікті үлкен тізімі бар. Бұл ретте әрбір жағдайда терапияны тиімдірек етуге көмектесетін негізгі ережелерді сақтау маңызды. Тамақтануды өзгертуге және өмір салтын түзетуге ерекше назар аудару керек. Ащы, майлы, қуырылған тағамдар, тұздықтар, дәмдеуіштер, газдалған сусындар, кофе, кейбір жемістер және асқазан сөлінің қышқылдығын өзгерте алатын басқа да тағамдар рационнан алынып тасталады. Екінші маңызды қадам – зиянды әдеттерден, атап айтқанда темекі шегу мен спирттік ішімдіктерден бас тарту.

Қыжылды дәрі-дәрмекпен емдеуді жүргізілген тексеріс нәтижелері бойынша дәрігер тағайындайды. Терапия жоспарына келесі дәрілік препараттар топтарын қосуға болады:

  • Альгинаттар. Олар қоңыр балдырлардан жасалады және өңештің шырышын тұз қышқылының әсерінен қорғайтын қабықшаны қалыптастыра алады.
  • Антацидтер. Олар алюминий, кальций және басқа металдардың қосылыстары есебінен артық қышқылды бейтараптандыру үшін қолданылады.
  • Гастропротекторлар. Асқазан шырышының зақымдалған аймақтарына таңдамалы түрде әсер етеді, оларды одан әрі жойылудан қорғайды, гастриттің және ойық жаралардың дамуын болдырмайды.
  • Н2-гистамин рецепторларының бөгегіштері. Асқазандағы қышқылдың артық өндірілуінен туындаған тамақтан кейінгі тұрақты қыжылды емдеу үшін қолданылады. Мұндай терапия ұзақ курстар бойы жүргізіледі және бірнеше жылға созылуы мүмкін.
  • Протон сорғысының тежегіштері. Бұл топтың препараттары да тұз қышқылының секрециясын тежейді, бірақ жағымсыз әсерлердің пайда болуы қаупіне байланысты оларды ұзақ уақыт бойы қабылдау ұсынылмайды.

Терапия жиі кешенді болады және әртүрлі топтарға жататын бірнеше дәріні бірден қабылдауды білдіреді. Әрбір жағдайда дәрігер себептерді ескереді және емдеу неғұрлым нәтижелі болатындай етіп таңдалады.

Әдебиет:

Лапина Т.Л. Изжога: распространенность, клиническое значение, ведение пациентов. Фарматека. // Ежегодный сборник избранных научно-медицинских статей. Гастроэнтерология. – 2006. – C. 96–103.

РЕННИ®️ ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ ментоловый

Ментол дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ мятный

Жалбыз дәмді, қантсыз Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ