Гастрит кезіндегі қыжыл 
 

Гастрит кезіндегі қыжыл 
 

 

Гастрит деп асқазанның шырышты қабығының қабынуымен және дистрофиялық зақымдануымен қатар, басқа сипатты бұзылыстардың біртіндеп дамуы байқалатын аурулар тобы түсініледі. Аурудың дамуына әкелетін факторлардың көптеген саны белгілі, бірақ клиникалық тәжірибеде олардың кейбіреулері ғана жиі кездеседі.

Гастриттің дамуында жетекші рөлді Helicobacter pylori инфекциялары атқарады. Гастриттің барлық жағдайларының шамамен 85% осы бактериямен байланысты. Аурудың дамуына ағзадағы аутоиммундық үдерістер, асқазанға өттің жиналуы, белгілі бір топтағы дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қолдану және т.б. себепші болуы мүмкін.

Кейбір емделушілер гастрит кезінде қыжылға шағымданады, бірақ бұл симптом әрдайым осы аурумен байланысты бола бермейді. Қыжыл гастрит фонында дамитын ілеспе патологияның көрінісі болуы мүмкін. Дегенмен, бұл симптом айтарлықтай жайсыздықты тудырады, сондықтан оны жою керек.

 

ГАСТРИТ КЕЗІНДЕ ҚЫЖЫЛ БОЛАДЫ МА?

 

Бұл сұраққа жауап беру үшін осы жағдайлардың даму механизмдерін түсіну қажет. Қыжыл өңештің қабырғаларына тұз қышқылының және асқазан сөлінің әртүрлі компоненттерінің әсерінен пайда болады. Мұндай әсер мүмкін болуы үшін тітіркендіргіш өңештің асқазанға өту шекарасында орналасқан өзіндік тосқауылдан «өтуі» керек. Тосқауыл – бұлшықет сақинасы (сфинктер), ол әрқашан жабық болуы керек. Сондықтан сфинктердің тонусы бұзылса, асқазанның ішіндегісі өңешке кетуі мүмкін, бұл қыжылдың пайда болуына әкеледі. Бұл симптом өте жиі гастроэзофагеальды рефлюкс ауруында (ГЭРА), өңештің тарылуында, ойық жарада және басқа ауруларда байқалады. Олардың барлығы өз бетінше немесе гастрит фонында пайда болуы мүмкін.

Егер гастриттің даму механизмін қарастыратын болсақ, онда бұл аурудағы өзгерістер әсіресе шырышты қабатқа және асқазандағы тұз қышқылының секрециясына әсер етеді. Дегенмен, қыжыл ілеспе патология болмаса да дамуы мүмкін. Шырышты қабат функциясының бұзылуына байланысты асқазаннан тағамның эвакуациялануы баяулайды, бұл іштегі ауырлық пен жайсыздық, тамақтанғаннан кейін кекіру, жүрек айну және қыжыл арқылы көрінеді. Соңғы симптом асқазандағы қысымның жоғарылауы оның ішіндегісін сфинктер арқылы өңештің төменгі бөлігіне «итеріп шығаруынан» дамиды. Мұндай механизм асқазанның шығуына зақым келтіретін гастритке немесе аурудың диффузиялық түрлеріне тән.

 

ГАСТРИТ КЕЗІНДЕГІ ҚЫЖЫЛДЫ ЕМДЕУ

 

Гастритті емдеу жоспарын құру кезінде аурудың себептері мен оның симптомдары ескеріледі. Асқынулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Сондықтан терапия әрқашан жан-жақты болады және қыжылды жоюға ғана бағытталмаған. Егер қыжыл аптасына екі реттен көп болса, міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек. Маман бұл симптомның себебін анықтауға және оңтайлы емдеу тактикасын жасауға көмектеседі. Қыжылды емдеудің бірінші желідегі заттары – антацидтер тобының препараттары болып табылады. Олар қыжыл өте жиі дамымайтын жағдайларда қолданылады.

Егер антацидтерді қабылдау нәтижесіз болса, дәрігермен кеңесу керек. Қажет болса, тұз қышқылының өндірісін реттейтін басқа препараттар (протонды сорғы тежегіштері) тағайындалуы мүмкін.

Қыжылды жою үшін қолданылатын басқа әдістер мыналарды қамтуы мүмкін:

  • Арнайы тамақтану. Қыжыл мен гастритке арналған диета асқазан шырышының механикалық және химиялық тітіркенуін тудырмайтын тағамдарды жеуді қамтиды. Сонымен қатар, порция мөлшерін қадағалау қажет. Рационға сүт өнімдерін, балық суфлесін, ботқаларды, тартылған ет тағамдарын, тағамдық талшықтарды, т.б. қосуға болады.

  • Дәрі-дәрмекпен емдеу.

  • Аурудың жұқпалы сипатын ескере отырып, гастритті емдеу көбінесе бактерияға қарсы препараттарды тағайындауды қажет етеді. Эрадикациялық терапияны дәрігер жеке негізде тағайындайды.

  • Егер гастрит СЕҚҚП тобындағы препараттарды ұзақ уақыт қабылдау нәтижесінде дамыған болса, оларды қабылдауды тоқтату немесе лайықты аналогтарымен ауыстыру керек.

Қыжылдың алдын алу және гастриттің асқынуын болдырмау үшін дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтын ұстану, асқазан-ішек жолдарының жұмысын қадағалау, ас қорыту жүйесінің ауруларын уақтылы анықтау және емдеу, жеткілікті физикалық белсенділікті сақтау және т.б. ұсынылады. Созылмалы гастрит диагнозы қойылған барлық емделушілер, дәрігердің үнемі бақылауында болуы және қажетті тексерістерден өтуі керек.

РЕННИ®️ ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ ментоловый

Ментол дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ мятный

Жалбыз дәмді, қантсыз Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ