Жүктілік кезіндегі қыжыл

Жүктілік кезіндегі қыжыл

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕ ҚЫЖЫЛ НЕДЕН ПАЙДА БОЛАДЫ?

 

Көптеген әйелдер жүктілік кезінде бірінші рет қыжыл симптомдарын сезінеді. Бұл өте жиі кездесетін мәселе – болашақ аналардың 80%-дан астамы қыжылға шағымданады1

 

Әдетте, қыжылдың жағымсыз симптомдары тамақтан кейін пайда болады, әсіресе бірден төсекке жатып қалсаңыз. Қыжыл жүктіліктің алғашқы айларында-ақ жиі болып тұрады, екінші үш айлығында күшейеді, өте-мөте үшіншісінде мазалауы мүмкін.

 

АҒЗАДА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БОЛАДЫ?

 

Болашақ аналардағы қыжылдың негізгі себептері – кейде «жүктілік гормоны» деп аталатын прогестерон.

Ол барлық бұлшықеттер мен байламдарды босаңсыту арқылы әйел ағзасын алдағы босануға дайындайды.

Өкінішке орай, басқа бұлшықеттермен бірге ол асқазанды өңештен бөлетін клапанды да әлсіретуі мүмкін. Осыған байланысты асқазан тамақты қорытатын қышқыл өңешке түсіп, оны тітіркендіреді, сондықтан жүктілік кезінде қыжыл пайда болады. Сонымен қатар, нәресте өскен сайын асқазанға қысым күшейеді, бұл қыжылды жиі тудыруы мүмкін.

Жақсы жаңалық: босанғаннан кейін жағымсыз симптомдар жоғалып кетуі әбден ықтимал, өйткені асқазанға түсетін қысым мен «жүктілер гормонының» өндірісі тоқтайды.

1. Weyermann M et al. Helicobacter pylori infection and the occurrence and severity of gastrointestinal symptoms during pregnancy. Am J Obstet Gynecol 2003;189:526-31

2. Tytgat et al. Contemporary understanding and management of reflux and constipation in the general population and pregnancy: a consensus meeting. Aliment Pharmacol Ther 2003;18:291-301

РЕННИ®️ ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ ментоловый

Ментол дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ мятный

Жалбыз дәмді, қантсыз Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ