Қыжыл кезіндегі диета: дұрыс тамақтану мәзірі

Қыжыл кезіндегі диета: дұрыс тамақтану мәзірі

 

Қыжыл мен іш аумағындағы жайсыздық – жоғары қышқылдықпен байланысты асқазан-ішек жолдары ауруларының жиі симптомдары. Сонымен қатар, қыжыл мүлдем сау адамдарда дұрыс емес тамақтану, жаман әдеттер (алкоголь ішу және темекі шегу) немесе дәрі-дәрмектерді қабылдау салдарынан пайда болуы мүмкін. Емдік тамақтану ережелерін үнемі ұстану арқылы жағымсыз симптомдардан (қыжылдау, кекіру, ауырсыну және күю) толығымен құтылуға немесе оларды азайтуға болады.

Асқазан-ішек жолдарының аурулары (гастрит, ойық жара, гастроэзофагеальды аурулар) бар емделушілерде диетаны сақтау кешенді терапияның міндетті элементі болып табылады. Қыжыл мен гастритке арналған емдік диета ауру симптомдарының пайда болуына жол бермейді және қолданылатын дәрілердің мөлшерін азайтады1.

 

ТАМАҚТАНУДЫҢ ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

 

Асқазанның жоғары қышқылдығы мен қыжылға арналған диета тұз қышқылының секрециясын және асқазан-ішек жолдарының перистальтикасын (жиырылуын) ынталандыратын тағамдарды шектеуге бағытталған. Онда тек өнімдерге ғана емес, сонымен қатар аспаздық өңдеуге, тағамдардың температуралық тәртіптеріне және тамақтану жиілігіне де шектеулер бар.

Емдік тамақтанудың негізгі қағидалары мыналар:

  • үйлесімділік және әртүрлілік – тамақтану ағзаның қуат пен қоректік заттарға қажеттілігін толығымен қанағаттандыруы керек;
  • тұрақты және бөліп ішу – тамақтану арасында ұзақ үзіліс жасау ұсынылмайды, оңтайлы аралық 3-4 сағаттан аспайды, ал бір рет тамақтану тым тығыз болмауы керек;
  • химиялық жұмсақ тәртіп – мәзірде тұз қышқылының өндірісін аздап арттыратын тағамдар болуы керек, ал асқазан секрециясының күшті ынталандырғыштарын одан алып тастау керек;
  • механикалық және термиялық жұмсақ тәртіп – тым ыстық және суық тағамдарды жеу ұсынылмайды, қуырылған тағамдарды рационнан алып тастау керек, буда, суда пісірілген немесе бұқтырылған тамаққа артықшылық беріңіз1.

Қышқылдық жоғарылайтын асқазан-ішек аурулары кезінде дұрыс тамақтану күніне кемінде 4 рет тамақтануды білдіреді. Олардың үшеуі негізгі (таңғы, түскі, кешкі астар). Олардың арасында 2-3 рет жеңіл тамақтанып алу ұсынылады. Күніне 1,5-2 литр сұйықтық ішу ұсынылады3.

Қыжылдау және кекіру кезіндегі диета тәртіптік шектеулермен бірге қолданылады. Тамақтанғаннан кейін көлденең қалыпты қабылдап, ұйықтауға жату ұсынылмайды. Кешкі ас пен ұйықтау арасындағы аралық кемінде 2 сағат болуы керек2.

Бұл ережені әсіресе гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы (ГЭРА) бар емделушілердің сақтауы маңызды. Бұл ауруда асқазанның ішіндегісі өңешке қайта тасталады, бұл оның шырышын тұз қышқылымен зақымдап, қыжыл тудырады. ГЭРА бар емделушілерге тамақтанғаннан кейін жаттығулар жасауға және еңкеюге болмайды. Дене қалпын өзгерту асқазандағы қышқыл заттарды кері тастауға ықпал етуі мүмкін.

 

ҰСЫНЫЛҒАН ЖӘНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӨНІМДЕР

 

Рационнан кез келген майлы, қуырылған және ысталған тағамдарды, ыстық дәмдеуіштерді, газдалған тәтті су мен алкогольді, фастфудты алып тастау керек. Шоколад, жалбыз және құрамында кофеині бар сусындар да рационнан толығымен алынып тасталады. Оларды тұтыну асқазан ішіндегісінің өңешке тасталуына және қыжылдың пайда болуына ықпал етеді. Қышқыл жидектер мен жемістер, қызанақ, пияз бен сарымсақ, тұздамалар мен майлы сорпалар ішіп-жеуге де олардың шырышты тітіркендіргіш немесе тұз қышқылының түзілуін арттырғыш әсеріне байланысты тыйым салынады.

Күнделікті мәзірді жасаған кезде майсыз етке, құс етіне және балыққа артықшылық беру ұсынылады. Гарнир ретінде жармаларды (ақтаған арпа мен тарыдан басқа) және қатты бидай сұрыптарынан жасалған макарондарды пайдалануға болады. Тұтынылуы шектеулі қызанақ, ақбас қырыққабат және бұршақ дақылдарынан басқа, барлық дерлік көкөністерге рұқсат етіледі. Табиғи ашымал сүт өнімдерін, піскен жемістер мен жидектерді жеуге тыйым салынбайды2.

 

ҚЫЖЫЛДЫ ЖӘНЕ АСҚАЗАНДАҒЫ КҮЮДІ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН БОЛДЫРМАУ

 

Кейде тұрақты қыжылға жоғарыда аталған барлық орындалған ұсыныстар шектеулі әсер етеді: тіпті дұрыс тамақтануға қарамастан, ауыр симптомдар емделушіні мезгіл-мезгіл мазалайды. Бұл жағдайда дұрыс тамақтану әрқашан дәрі-дәрмекпен емдеумен толықтырылады.2 Қышқылмен байланысты асқазан-ішек аурулары кезінде протонды сорғы тежегіштері, Н2-гистаминді рецепторларының бөгеуіштері, прокинетиктер мен антацидтер тағайындалуы мүмкін. Препараттарды, олардың дозаларын, сондай-ақ комбинацияларды тек емдеуші дәрігер таңдайды.

Асқазан аумағындағы қыжылды және күюді болдырмаудың симптоматикалық құралы ретінде «сұраныс бойынша» тәртібінде антацидті заттарды өз бетіңізше қолдануға болады. Олар артық тұз қышқылын бейтараптандырып, оның шырышқа агрессивті әсерін жояды.

Әдебиеттер тізімі:

1. Лечебное питание у детей при заболеваниях желудка и двенадцатиперстной кишки Н.Н. Семенова, Т.Э. Боровик, Л.И. Дмитриенко. Медицинский совет, 2007;№ 3 стр. 64-69 https://cyberleninka.ru/article/n/lechebnoe-pitanie-detey-pri-zabolevaniyah-zheludka-i-dvenadtsatiperstnoy-kishki/viewer

2. Современные аспекты диетотерапии в Российской Федерации. И.Л. Кляритская, Е.В. Максимова, Е.И. Григоренко, Е.И. Стилиди, Е. О. Шелихова. Крымский терапевтический журнал 2018 № 2 стр. 26—31 
https://cyberleninka.ru/article/n/sovremennye-aspekty-dietoterapii-v-rossiyskoy-federatsii/viewer

РЕННИ®️ ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ ментоловый

Ментол дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ мятный

Жалбыз дәмді, қантсыз Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ