ЖАЛБЫЗ ДӘМДІ РЕННИДІ®️ ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ


Тіркеу нөмірі: ЛСР-005201/08  
 

Саудалық атауы


Ренни® 
 

Халықаралық патенттелмеген атауы


жоқ

Дәрілік түрі, дозасы


Шайнайтын жалбызды таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы


Ас қорыту жолы және зат алмасу. Қышқылдығы бұзылуымен байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Антацидтер. Кальций препараттары. Біріктірілімдер.  
АТХ коды А02АС10 
 

Қолданылуы


Жоғары қышқылдықтан туындайтын симптомдарды:

  • қыжылды
  • қышқыл кекірікті
  • асқазанның артық қышқылдылығын басу үшін. 

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі


Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық; 
  • бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
  • гиперкальциемия және/немесе гиперкальциемияға әкеп соғатын жағдайлар; 
  • нефрокальциноз (бүйрек тініндегі кальцийдің шөгуі); 
  • гипофосфатемия; 
  • 12 жасқа дейінгі балалар; 

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Егер симптомдар 2 аптадан кейін емделсе немесе жағдайы нашарласа, дәрігермен кеңесу керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі 

Антацидтер басқа препараттармен өзара әрекеттесуі мүмкін. 
Бір мезгілде қабылдаған кезде ішке қабылданатын басқа дәрілік заттардың АІЖ-ға сіңуі төмендейді. Сақтық шарасы ретінде антацидтерді басқа дәрілік заттардан бөлек қабылдаған жөн. 
Ренниді келесі дәрілік заттарды қабылдағанға дейін немесе одан кейін 2 сағат бұрын қабылдау ұсынылады: ацетилсалицил қышқылы, антигистаминдер, атенолол, метопролол, пропанолол, бисфосфонаттар, хлорохин, циклиндер, дифлунизал, жүрек гликозидтері, долутегравир, 
эстрамустин. этамбутол, темір (тұздар), фексофенадин, фтор, фторхинолондар, глюкокортикоидтар (орын басу емі ретінде гидрокортизоннан басқа)- преднизолон және дексаметазон үшін 
сипатталған, индометацин, изониазид, кетоконазол, лансопрозол, линкозамидтер, левотироксин, фенотиазин қатарының нейролептиктер, пеницилламин, фосфаттар, тироксин. 
Несептің сілтіленуіне байланысты салицилаттардың бүйрек экскрециясы артады. 
Тиазидті диуретиктермен (кальций экскрециясын төмендетеді) бір мезгілде қолданған кезде кальцийдің мөлшерін үнемі бақылап отыру керек. 
Басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдаған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет

Арнайы ескертулер 

Ұзақ қолдануға және дозаны арттыруға жол бермеген жөн. Емдеу үшін Ренниді 2 аптадан аса артық пайдалануға болмайды. Егер симптомдар сақталса, асқазан-ішек жолдарының ауыр ауруларын, мысалы, ойық жаралы зақымдануды жоққа шығару керек, ол үшін дәрігермен кеңесу ұсынылады. 
Жоғары дозаларда ұзақ қолдану, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гиперкальцемия, гипермагниемия және сүтті-сілтілі синдромы сияқты жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Препаратты бүйрек функциясы бұзылған науқастарға тағайындаған кезде қан сарысуындағы магний, кальций және фосфат концентрациясын ұдайы бақылап отыру керек, ұзақ тағайындаудан аулақ болған жөн және ұсынылған дозадан асырмау керек. 
Ренни таблеткаларын көп мөлшерде сүтпен (бір литр сүттің құрамында 1200 мг кальций болуы мүмкін) және сүт өнімдерімен бірге және ұзақ уақыт бойы қолдану бүйректе тастардың түзілу қаупін арттырады. Сорбитолды көтере алмайтын пациенттерге сақтықпен қолдану керек. 
Жүктілік немесе лактация кезінде  
Жүктілік. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік функцияға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді. Ұсынылған дозаларда даму ақауларының немесе эмбриоуытты әсерлердің пайда болуы туралы деректер табылған жоқ. 
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану жөніндегі ұсынымдарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады (ең жоғары тәуліктік дозадан аспауы және қабылдау ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс). 
Бала емізу 
Препаратты лактация кезеңінде қолдану жөніндегі ұсынымдарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады. 
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері 
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Дозалау режимі

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: бір реттік доза 1-2 таблетка. 
Таблетканы шайнауға болады немесе толық ерігенше ауызда ұстауға болады. Ас ішкеннен кейін бір сағаттан соң және ұйықтар алдында қабылдаған жөн, алайда қыжыл болғанда кез келген кезде қолдануға болады. 
Ең жоғары тәуліктік доза - 11 таблетка. 

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қабылдауға арналған. 

Емдеу ұзақтығы  

Емдеудің ұзақтығы: егер препаратты қабылдау кезінде симптомдар ұзақ мерзім сақталатын болса (2 аптадан аса), онда тексеру жүргізу және күрделі ауруды жоққа шығару үшін дәрігермен кеңесу қажет.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Көбінесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозаларын ұзақ қабылдау бүйрек жеткіліксіздігіне, гипермагниемияға, гиперкальциемияға және алкалозға алып келуі мүмкін, бұл асқазан-ішек жолы тарапынан симптомдардың туындауына (жүрек айнуы, құсу, нәжістің бұзылуы) және бұлшықет әлсіздігіне әкеп соғуы мүмкін. 
Емі: препаратты қабылдауды тоқтатып, сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін қабылдау. Емдеу симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.

ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз 
реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажеттілігіне қарай)


Аталған жағымсыз дәрілік реакциялар өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделген, сондықтан оларды СММНО III жиілік санаттарына сәйкес жіктеу қатысы жоқ. 
Келесі жүйелер тарапынан бұзылулар, бірақ олар жүйелік емес: 
иммундық жүйе тарапынан: өте сирек аллергиялық реакциялар - бөртпелер, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі және анафилаксия.  
зат алмасу және тамақтану тарапынан: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдау артық дозаланумен байланысты реакциялардың – гипермагниемияның, гиперкальциемияның және алкалоздың көріністелуіне әкелуі мүмкін, бұл АІЖ тарапынан симптомдардың туындауына (жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату) және бұлшықет әлсіздігін туындатуы мүмкін. 
Сүтті-сілтілі синдромға байланысты пайда болатын жағымсыз әсерлер: дәм сезудің жоғалуы, бас ауыруы, азотемия, кальциноз және астения (әлсіздік).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина 
қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік 
препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек 


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер


Дәрілік препараттың құрамы

Бір таблетканың құрамында  
белсенді заттар - 680 мг кальций карбонаты, 80 мг негізгі магний карбонаты;  
қосымша заттар – сорбитол, желатинделген жүгері крахмалы, картоп крахмалы, тальк, магний стеараты, сұйық жеңіл парафин, ментолды қоспа, натрий сахарині.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Беткейлері ойыс квадрат пішінді, екі жақ бетінде «RENNIE» таңбасы бар, жалбыз иісті, крем реңдес ақ таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

12 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек. 
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек! 

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші туралы мәліметтер

Делфарм Гайярд, 33 Рю Де Л’Индустрие, 74240 Гайярд, Франция

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Байер Консьюмер Кэр АГ,  
СН-4052 Базель, Петер Мериан штрассе, 84, Швейцария  
тел. +41 58 272 7542  
факс: +41 58 272 7173  
e-mail: www.basel.bayer.com

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөнінде шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)


«Байер ҚАЗ» ЖШС 
Тимирязев к-сі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15 пав. 
050057 Алматы, Қазақстан Республикасы 
Тел. +7 701 715 78 46 
Факс: +7 727 244 70 01 
e-mail: www.bayer.ru

РЕННИ®️ПРЕПАРАТТАРЫ

Ренни®️ апельсиновый

Апельсин дәмді Ренни®️

КӨБІРЕК БІЛУ