РЕННИ® ҚАНТСЫЗ, ШАЙНАЙТЫН ЖАЛБЫЗДЫ ТАБЛЕТКАЛАР



Ренни®
Ренни®
Шайнайтын жалбызды таблеткалар
КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ДОЗАЛАУ РЕЖИМІ
Қолданылу көрсеткіштері
Жоғары қышқылдықтан туындайтын симптомдарды:
− қыжылды
− қышқыл кекірікті
− асқазанның артық қышқылдылығын басу үшін
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: бір реттік доза 1-2 таблетка. Таблетканы шайнауға болады немесе толық ерігенше ауызда ұстауға болады. Ас ішкеннен кейін бір сағаттан соң және ұйықтар алдында қабылдаған жөн, алайда қыжыл болғанда кез келген кезде қолдануға болады.
Ең жоғары тәуліктік доза - 11 таблетка.
ЖАҒЫМСЫЗ РЕАКЦИЯЛАР
Жағымсыз реакциялар
Аталған жағымсыз дәрілік реакциялар өздігінен келіп түскен хабарламаларға негізделген, сондықтан оларды СММНО III жиілік санаттарына сәйкес жіктеу қатысы жоқ.
Келесі жүйелер тарапынан бұзылулар, бірақ олар жүйелік емес:
иммундық жүйе тарапынан: өте сирек аллергиялық реакциялар - бөртпелер, қышыну, есекжем, Квинке ісінуі және анафилаксия;
зат алмасу және тамақтану тарапынан: бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде препараттың үлкен дозаларын ұзақ уақыт бойы қабылдау артық дозаланумен байланысты реакциялардың – гипермагниемияның, гиперкальциемияның және алкалоздың көріністелуіне әкелуі мүмкін, бұл АІЖ тарапынан симптомдардың туындауына (жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, іш қату) және бұлшықет әлсіздігін туындатуы мүмкін.
Сүтті-сілтілі синдромға байланысты пайда болатын жағымсыз әсерлер: дәм сезудің жоғалуы, бас ауыруы, азотемия, кальциноз және астения (әлсіздік).
Арнайы сақтандырулар
Ұзақ қолдануға және дозаны арттыруға жол бермеген жөн. Емдеу үшін Ренниді 2 аптадан аса артық пайдалануға болмайды. Егер симптомдар сақталса, асқазан-ішек жолдарының ауыр ауруларын, мысалы, ойық жаралы зақымдануды жоққа шығару керек, ол үшін дәрігермен кеңесу ұсынылады.
Жоғары дозаларда ұзақ қолдану, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде гиперкальцемия, гипермагниемия және сүтті-сілтілі синдромы сияқты жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін. Препаратты бүйрек функциясы бұзылған науқастарға тағайындаған кезде қан сарысуындағы магний, кальций және фосфат концентрациясын ұдайы бақылап отыру керек, ұзақ тағайындаудан аулақ болған жөн және ұсынылған дозадан асырмау керек.
Ренни таблеткаларын көп мөлшерде сүтпен (бір литр сүттің құрамында 1200 мг кальций болуы мүмкін) және сүт өнімдерімен бірге және ұзақ уақыт бойы қолдану бүйректе тастардың түзілу қаупін арттырады.
ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Қарсы көрсетілімдері
− белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
− бүйректің ауыр жеткіліксіздігі;
− гиперкальциемия және/немесе гиперкальциемияға әкеп соғатын жағдайлар;
− нефрокальциноз (бүйрек тініндегі кальцийдің шөгуі);
− гипофосфатемия;
− 12 жасқа дейінгі балалар.
Жүктілік және лактация кезінде қолданылуы
Жүктілік. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивтік функцияға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді. Ұсынылған дозаларда даму ақауларының немесе эмбриоуытты әсерлердің пайда болуы туралы деректер табылған жоқ.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану жөніндегі ұсынымдарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады (ең жоғары тәуліктік дозадан аспауы және қабылдау ұзақтығы 2 аптадан аспауы тиіс).
Бала емізу.Препаратты лактация кезеңінде қолдану жөніндегі ұсынымдарды сақтаған жағдайда қабылдауға болады.
ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
Тіркеу куәлігі
ҚР-ДЗ-5№006508, 06.03.2017 ж. бастап.
Жарамдылық мерзімі шектеусіз
Қолдану нұсқаулығы
27.05.2022.
«Байер ҚАЗ» ЖШС
Қазақстан Республикасы, 15 050057, Алматы, Тимирязев көшесі, 42, «Экспо-Сити» бизнес орталығы, 15-павильон.